2025 жылғы 7 сәуір күні Меркі ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық бірінші сессиясы өтті.
Сессия жұмысына Меркі ауданының әкімі Ербол Жұмабекұлы Жиенқұлов, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ тиісті бөлім басшылары мен мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты.
Сессияның күн тәртібінде екі маңызды мәселе қаралды:
1.«2025-2027 жылдарға арналған Меркі ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» Меркі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №37-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Аталған мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Ахметжанов баяндама жасап, округтердің әлеуметтік-экономикалық даму қажеттіліктеріне сәйкес бюджет көрсеткіштеріне нақтылаулар енгізу ұсынылды. Өзгерістер депутаттар тарапынан қолдау тапты.
2.Меркі аудандық мәслихаты депутатының өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.
Бұл мәселе бойынша аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ш.Абылқасымов хабарлама жасап, мәслихат депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданды.
Сессия барысында қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.