КЕЗЕКТЕН ТЫС ОТЫЗ ТӨРТІНШІ СЕССИЯ ӨТТІ

КЕЗЕКТЕН ТЫС ОТЫЗ ТӨРТІНШІ СЕССИЯ ӨТТІ

Бүгін аудандық мәслихат төрағасы Мұратбек Болысбекұлы Көкрекбаевтың жетекшілігімен Сегізінші шақырылған Меркі аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз төртінші сессия отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімі Жорабек Нұрмергенұлы Баубеков, аудандық мәслихат депутаттары, бірқатар бөлім басшылары қатысты. Сессия күн тәртібінде үш мәселе қаралды.

1.«2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Меркі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №16-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

2.«Жамбыл облысы Меркі ауданы Меркі, Сарымолдаев, Жамбыл, Ойтал, Меркі шипажайы елді мекендерінің егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы мен бірлескен бас жоспар жобаларына және Ақарал, Екпінді, Плодовоягодный, Интернациональный елді мекендерінің оңтайландырылған нұсқаларына түзетулер енгізіліп, Жамбыл ауылынан бастап Екпінді ауылына дейінгі орталық Әзімбек Ысмайлов,Тұрар Рысқұлов көшелерінің сәулеттік келбеті эскиздік жобасы туралы» Меркі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 ақпандағы №19-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

3.«Меркі ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші орган құрамы туралы» Меркі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 ақпандағы №19-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Мәслихат депутаттары тарапынан сессияға ұсынылған мәселелер бірауыздан қолдау тауып, шешім жобалары мақұлданды.