АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІН ТЫҢДАДЫ

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІН ТЫҢДАДЫ

Бүгін аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы барысында өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есепті Меркі ауданының әкімі Жорабек Нұрмергенұлы Баубеков жасады.

Аудан әкімі өз есебінде Қазақстан Республикасы Президентімен белгіленген экономиканың базалық салаларын дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру, халықтың табысын арттыру, инвестицияларды тарту бойынша стратегиялық басымдықтарды атап өтті.

Аудан басшысы ауыл шаруашылығын, шағын және орта бизнесті қолдау шаралары, тұрғын үй құрылысы, мектептерді, жолдарды жөндеу, сумен жабдықтау және басқа да қызмет аспектілері туралы егжей-тегжейлі баяндап берді.

Аудан әкімінің есебін тыңдаған аудандық мәслихат депутаттары ұсынылған жергілікті атқарушы органдардың жұмысын талдауда таяу келешекке арналған міндеттер айқындалғанын атап өтті. Сонымен қатар аталған міндеттерді іске асыруға белсенді қатысу - биліктің атқарушы және өкілді органдарының ортақ міндеті екенін айта кетті. Аудан әкімінің есебі мәслихат депутаттарымен мақұлданып, назарға алынды.

Аудандық мәслихат сессиясының күн тәртібінде қаралған барлық мәселелер бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.