Саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің назарына

Саяси партиялардың және өзге де қоғамдық  бірлестіктердің, олардың құрылымдық  бөлімшелерінің  назарына

Меркі аудандық мәслихаты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10-бабына сәйкес келесі мәселелер бойынша сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру жөнінде хабарлайды:

  • Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің міндеттерін атқарудан босатылуына және құрамнан шығуына байланысты олардың орнына сайлау өткізу;
  • Меркі ауданы, Ақтоған ауылдық округіне қарасты Қазақ дихан ауылында жаңадан №528 сайлау учаскесінің құрылуына байланысты учаскелік сайлау комиссиясының құрамын қалыптастыру.

1.Аумақтық сайлау комиссиясы

р/с

Комиссия атауы және мекен жайы

Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны

1.

Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
(Меркі ауылы, Ысмайлов  көшесі №167,  Меркі ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған мәдениет үйлер және клубтар жүйесі» МКҚК)

1

БАРЛЫҒЫ 1

 

2.Округтік сайлау комиссиясы

р/с

Комиссия атауы және мекен жайы

Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны

1.

Меркі аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі №1 округтік сайлау комиссиясы
(Ақтоған ауылы,  Қосбармақов  көшесі №26, Ақтоған ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты)

1
БАРЛЫҒЫ   1

 

3.Учаскелік сайлау комиссиясы

р/с

Комиссия атауы және мекен жайы

Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны

1.

№283 сайлау учаскесі
(Ойтал ауылы, Жауғаш батыр көшесі  №39, №12 жалпы орта білім беретін мектебі)

1

2.

№289 сайлау учаскесі
(Ақарал ауылы, Сейтімбет көшесі №20,  №5 жалпы орта білім беретін мектеп гимназиясы)

1

3.

№480 сайлау учаскесі
(Андас батыр ауылы, Аспара көшесі 54А, «Балбөбек» бөбекжай - бақшасы)

1

4.

№528 сайлау учаскесі
(Қазақ дихан ауылы, Маликасан Құлбеков көшесі №1А, №33 жалпы білім беретін мектебі)

5

БАРЛЫҒЫ 8

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары  2026 жылғы 12 маусымнан бастап 27 маусымға дейін (қоса алғанда) мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан (№4) бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы  құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан (№5) бойынша өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.      

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 12-27 маусым аралығында сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүзеге асырылады.

Белгіленген мерзімнен кейін түскен құжаттар қарауға жатпайды.

 Меркі аудандық мәслихатының төрағасы -  Көкрекбаев Мұратбек Болысбекұлы. 

Мәслихаттың орналасқан жері: Меркі ауылы,  Ысмайлов көшесі, №169.

Жауапты адам – Есеналиева Әсем Төлендіқызы, каб. №43, аудандық телефон коды (8726 32), қызметтік телефоны:2-21-96, ұялы телефоны: 8 747 101 17 69, электрондық пошта мекенжайы: merkimaslihat@yandex.kz