
Меркі аудандық мәслихатының ХАБАРЫ
Меркі аудандық мәслихаты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының міндеттерін атқарудан босатылған мүшелерінің орнына сайлау өткізілетіндігін хабарлайды.
|
р/с |
Комиссия атауы және мекен жайы |
Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны |
|
1. |
№274 сайлау учаскесі |
1 |
|
2. |
№279 сайлау учаскесі |
1 |
|
3. |
№280 сайлау учаскесі |
3 |
|
4. |
№284 сайлау учаскесі |
1 |
|
5. |
№288 сайлау учаскесі |
1 |
|
6. |
№289 сайлау учаскесі |
1 |
|
7. |
№291 сайлау учаскесі |
1 |
|
8. |
№295 саулау учаскесі |
1 |
|
9. |
№477 сайлау учаскесі |
1 |
|
10. |
№479 сайлау учаскесі |
1 |
|
Барлығы |
12 |
|
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 28 қаңтардан мен 12 ақпан аралығында мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан (№4) бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан (№5) бойынша өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.
Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 28 қаңтар мен 12 ақпан аралығында дүйсенбі - жұма күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүзеге асырылады.
Белгіленген мерзімнен кейін түскен құжаттар қарауға жатпайды.
Меркі аудандық мәслихатының төрағасы - Көкрекбаев Мұратбек Болысбекұлы.
Мәслихаттың орналасқан жері: Меркі ауылы, Ысмайлов көшесі, №169.
Жауапты адам – Есеналиева Әсем Төлендіқызы, каб. №43, аудандық телефон коды (8726 32), қызметтік телефоны:2-21-96, ұялы телефоны: 8 747 1011769, электрондық пошта мекенжайы: merkimaslihat@yandex.kz