
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті 54-сессиясы өтті. Сессияға аудандық мәслихат төрағасы Мұратбек Болысбекұлы Көкрекбаев төрағалық етті.
Сессия отырысына аудан әкімі Ербол Жұмабекұлы Жиенқұлов, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері мен аудандық мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібінде төмендегі 4 мәселе қаралды:
2025 жылы Меркі аудандық мәслихатының атқарған жұмыстары туралы аудандық мәслихат төрағасының есебі;
2025 жылы Меркі аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының атқарған жұмыстары туралы;
«2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Меркі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №52-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
«Меркі ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимінің мөлшерлемесін төмендету туралы» Меркі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 18 наурыздағы №21-3 шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.