
2025 жылғы 26 желтоқсанда аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс 53-ші сессиясы өтті. Сессия отырысына аудан әкімі Жиенқұлов Ербол Жұмабекұлы, аудан әкімдігінің бірқатар бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде екі мәселе қаралды:
1.2026–2028 жылдарға арналған Меркі ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы;
2.«2025–2027 жылдарға арналған Меркі ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» Меркі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №37-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ахметжанов Абылай Әзімханұлы хабарлама жасады. Ұсынылған мәселелер жан-жақты талқыланып, аудандық мәслихат депутаттары А. Құрманалиев, Е. Қалысбаев, Б. Қыстауов, Е. Акетаев, Н. Сейсенбаев өз сұрақтарын қойып, пікірлерін білдірді.
Сессия отырысын қорытындылаған аудандық мәслихат төрағасы Көкрекбаев Мұратбек Болсыбекұлы жыл бойы аудандық мәслихат сессияларына белсенді қатысқан аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне алғысын білдіріп, келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.
Өз кезегінде аудан әкімі Жиенқұлов Ербол Жұмабекұлы аудандық мәслихат депутаттарына қолдаулары үшін ризашылығын білдіріп, отырысқа қатысушыларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, табыс тіледі.
Айта кету керек, сессия отырысының алдында тұрақты комиссияның отырысы өткізіліп, күн тәртібіне ұсынылған мәселелер алдын ала кеңінен талқыланды.