Аудандық мәслихаттың кезекті 52-ші сессиясы өтті

Аудандық мәслихаттың кезекті 52-ші сессиясы өтті

2025 жылғы 22 желтоқсан күні аудандық мәслихаттың кезекті 52-ші сессиясы өтті. Сессия отырысын аудандық мәслихат төрағасы жүргізді.

Сессия жұмысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімі Жиенқұлов Ербол Жұмабекұлы, аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен тиісті мекеме басшылары қатысты.

Күн тәртібіне келесі 4 мәселе ұсынылды:

1.2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы;

2.«2025–2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Меркі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №36-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

3.Меркі ауданының 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы;

4.Меркі аудандық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.

Күн тәртібіндегі бірінші, екінші және үшінші мәселелер бойынша аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ахметжанов Абылай Әзімханұлы баяндама жасады.

Күн тәртібіне енгізілген мәселелер депутаттар тарапынан жан-жақты талқыланып, тиісті ұсыныстар айтылды. Нәтижесінде барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Аталған мәселелер сессияға дейін бірлескен тұрақты комиссия отырысында алдын ала қаралған.