Меркі аудандық мәслихатының кезектен тыс 50-сессиясы өтті

Меркі аудандық мәслихатының кезектен тыс 50-сессиясы өтті

2025 жылғы 5 желтоқсан күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс 50-ші сессиясы өтті. Сессия отырысын аудандық мәслихат төрағасы Мұратбек Болысбекұлы Көкрекбаев жүргізді.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Ернар Ғалиұлы Әбілдаев, аудандық мәслихат депутаттары және тиісті бөлім басшылары қатысты.

Сессияның күн тәртібіне бір мәселе шығарылды:
«2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Меркі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №36-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Аталған мәселе бойынша аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Абылай Әзімханұлы Ахметжанов баяндама жасады.

Күн тәртібіндегі мәселе депутаттар тарапынан жан-жақты талқыланып, ұсынылған шешім бірауыздан қолдау тапты.