Меркі аудандық мәслихатының кезектен тыс 49-сессиясында бірқатар өзекті мәселелер талқыланды

Меркі аудандық мәслихатының кезектен тыс 49-сессиясында бірқатар өзекті мәселелер талқыланды

2025 жылғы 27 қараша күні Меркі аудандық мәслихатының кезектен тыс 49-сессиясы аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтті. Сессияға аудан әкімінің орынбасары, аудандық мәслихат депутаттары және аудан әкімдігі бөлімдерінің басшылары қатысты.

Күн тәртібінде төмендегідей 6 мәселе қаралды:

1.Меркі ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы;

2.Меркі ауылдық округінің Меркі ауылындағы жаңа көшеге атау беру жөнінде ұсыныс енгізу туралы;

3.Меркі ауданының елді мекен шекарасын (шегін) белгілеу туралы;

4.«Меркі ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші орган құрамын бекіту туралы» 2025 жылғы 7 қарашадағы №48-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

5.«Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссияның құрамын бекіту туралы» 2025 жылғы 19 тамыздағы №44-9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

6.«Меркі ауданы әкімдігі жанындағы аудандық терроризмге қарсы комиссиясының құрамын бекіту туралы» 2025 жылғы 19 тамыздағы №44-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Барлық мәселелер депутаттар тарапынан жан-жақты талқыланып, қорытындысында тиісті шешімдер қабылданды.