Меркі аудандық мәслихатының кезектен тыс 48-сессиясы өтті

Меркі аудандық мәслихатының кезектен тыс 48-сессиясы өтті

2025 жылғы 7 қарашада Меркі аудандық мәслихатының кезектен тыс 48-сессиясы өтті. Сессия отырысын аудандық мәслихат төрағасы М.Көкрекбаев жүргізді.

Отырысқа аудан әкімі Е.Жиенқұлов, аудан әкімдігі бөлімдерінің басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Сессияның күн тәртібінде екі мәселе қаралды:

1.«2025–2027 жылдарға арналған Меркі ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» Меркі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №37-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Баяндамашы – аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы А.Ахметжанов.

2.Меркі ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органның құрамын бекіту туралы. Баяндамашы – аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Н.Төлебаев.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық мәслихат депутаттары А.Құрманалиев, Н.Сейсенбаев, Е.Қалысбаев, Ұ.Жекебаев, Қ.Молдашев, Е.Акетаев және Р.Ахбанбетов бюджеттің игерілуі, абаттандыру, ауыз су мәселесі, ауылішілік жолдарды жөндеу және олардың сапасына қатысты сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді.

Сессия қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.