Меркі аудандық мәслихатында жаңа депутаттар таныстырылып, бірқатар шешімдер қабылданды

Меркі аудандық мәслихатында жаңа депутаттар таныстырылып, бірқатар шешімдер қабылданды

2025 жылдың 3 қарашасы күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында Меркі аудандық мәслихатының кезектен тыс 47-сессиясы өтті.
Сессия жұмысына аудан әкімі Е.Ж.Жиенқұлов, аудан әкімдігінің бөлім басшылары және мәслихат депутаттары қатысты. Отырысты аудандық мәслихат төрағасы М.Б.Көкрекбаев жүргізді.

Күн тәртібіндегі мәселелер қаралмас бұрын аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ш.Абылқасымов сөз алып, №7 және №13 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша депутаттардың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылғанын және аталған округтерде жуырда өткен сайлау нәтижесінде мәслихат құрамы жаңа депутаттармен толыққанын хабарлады. Ол жаңадан сайланған мәслихат депутаттары — Е.Қалысбаев пен Р.Ахбанбетовты таныстырып өтті.

Сессияның күн тәртібіне төмендегі төрт мәселе енгізілді:

1.«2025–2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Меркі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №36-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

2.Меркі ауданы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы;

3.«Агроөнеркәсіп кешені мен кәсіпкерлікті дамыту, жер ресурстары және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия туралы» шешімге өзгерістер енгізу туралы;

4.«Әлеуметтік салалар, депутаттық этика, жастар ісі, құқықтық тәртіп және қоғамдық ұйымдармен байланыстар жөніндегі тұрақты комиссия туралы» шешімге өзгерістер енгізу туралы.

Барлық мәселелер депутаттар тарапынан жан-жақты талқыланып, сессия барысында депутаттар Н.Сейсенбаев пен А.Құрманалиев өз ұсыныстарын білдіріп, сұрақтар қойды. Талқылаулар нәтижесінде күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.