Меркі аудандық мәслихатының кезекті 46-сессиясы өтті

Меркі аудандық мәслихатының кезекті 46-сессиясы өтті

2025 жылдың 21 қазаны күні Меркі аудандық мәслихатының қырық алтыншы (46) сессиясы өтті. Сессия отырысын аудандық мәслихаттың төрағасы М.Көкрекбаев жүргізді.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – Меркі ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауда атқарған жұмыстары туралы есебі болды. Аталған мәселе алдын ала мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында талқыланып, сессия қарауына ұсынылды.

Отырысқа аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, бірқатар мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Есеп барысында аудан әкімі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы, ауылдық округтердегі өзекті мәселелерді шешу бағытындағы жұмыстар жөнінде баяндама жасап, ауданның алдағы кезеңге арналған міндеттерін атап өтті.

Сонымен қатар, күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық мәслихат депутаттары Н.Сейсенбаев пен Е.Акетаев жарыссөзге шығып, өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.

Сессия қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданды.