Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті

Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті

2025 жылдың 15 қыркүйегі күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихат төрағасы Көкрекбаев Мұратбек Болысбекұлының төрағалығымен кезекті қырық бесінші сессиясы өтті.

Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары Өмірбек Мейірхан Азатұлы, Арғымбаев Қайрат Рахымбайұлы, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, бірқатар мекеме басшылары мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде 5 мәселе қаралды:

  1. Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстар туралы;

  2. Меркі ауданында жер ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау, бос жатқан жерлерді халық қажеттілігіне қарай пайдалануды жоспарлау бойынша атқарылған жұмыстар туралы;

  3. Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Меркі Медиа орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің айлық жалақысына ынталандыру үстемақыларын белгілеу туралы;

  4. Жер комиссиясының құрамын және комиссия ережесін бекіту туралы;

  5. «Меркі аудандық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы.

Сессия барысында депутаттар күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сұрақтар қойып, әрбір ұсынылған есеп пен баяндама бойынша нақты сын-ескертпелер айтып, тұрғындардың әлеуметтік жағдайына тікелей әсер ететін өзекті мәселелерді көтерді. Сонымен қатар, депутаттар тарапынан жүргізілген зерделеу жұмыстары нәтижесінде анықталған кемшіліктерді жоюдың маңыздылығы ерекше атап өтіліп, оларды жүйелі түрде шешу үшін нақты шаралар қабылдау қажеттігі ескертілді.