Меркі аудандық мәслихатының кезектен тыс 44-сессиясы өтті

Меркі аудандық мәслихатының кезектен тыс 44-сессиясы өтті

2025 жылдың 19 тамызы күні Меркі аудандық әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 44-сессиясы өтті. Оған аудандық мәслихат төрағасы Мұратбек Болысбекұлы Көкрекбаев төрағалық етті. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Ернар Ғалиұлы Әбілдаев, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.

Сессия күн тәртібіне барлығы 13 мәселе енгізілді.

  • Бірінші мәселе – «2025–2027 жылдарға арналған Меркі ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» Меркі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №37-2 шешіміне өзгерістер енгізу қаралды. 
  • Екінші мен он екінші аралығындағы мәселелер – аудан әкімдігі жанындағы әртүрлі комиссиялардың құрамын бекіту және өзгерістер енгізу. 
  • Үшінші мәселе – Меркі аудандық мәслихаты депутатының өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату. 

Сессияға ұсынылған барлық мәселелер алдымен бірлескен тұрақты комиссиялардың отырыстарында жан-жақты талқыланды. Депутаттар ауылдық округтердің әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер ететін бюджеттік және ұйымдастырушылық өзгерістерге ерекше назар аударды.

Қорытындысында қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.