2026 жылғы 8 сәуірде кезектен тыс сессияның өткізілетіндігі туралы хабарлама

2026 жылғы 8 сәуірде кезектен тыс сессияның өткізілетіндігі туралы хабарлама

2026 жылғы 8 сәуірде сағат 10.00 - да Боровское ауылы, Королев көшесі 5 мекенжайы бойынша 3 - қабаттағы мәжіліс залында Меңдіқара аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы өтеді.

Сессияның күн тәртібі: 

  1. Жер комиссиясының құрамын және оның ережесін бекіту.
  2. Меңдіқара ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарын, сондай-ақ кент және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерін 2026 жылы әлеуметтік қолдау шараларын қамтамасыз ету.
  3. «Меңдіқара ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы» Мәслихаттың 2024 жылғы 4 шілдедегі No 131 қаулысына өзгерістер енгізу туралы.
  4. «Меңдіқара ауданы әкімдігінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» Мәслихаттың 2024 жылғы 4 шілдедегі No 132 қаулысына өзгерістер енгізу туралы.
  5. «Учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы No 87 қаулысына өзгерістер енгізу туралы.