«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13 - бабына сәйкес жария тыңдалым кеңейтілген мәжілістері нысанында мәслихаттың тұрақты комиссияларымен өткізіледі.  

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13 - бабына сәйкес жария тыңдалым кеңейтілген мәжілістері нысанында мәслихаттың тұрақты комиссияларымен өткізіледі.  
 
 
2026 жылдың 25 ақпанында Меңдіқара аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы болып өтті. Тұрақты комиссиялардың отырыстарында Меңдіқара аудандық мәслихатының жария тыңдалымдарды өткізуге дайындық мәселесі қарастырылатын болатын.
 
Меңдіқара аудандық мәслихатының регламентіне сәйкес жария тыңдалымдар тұрақты комиссияларды жүргізуге жататын аса маңызды және қоғамдық елеулі сұрақтарды талқылау мақсатында өткізіледі. Бәсекелестік ортаға «Боровское ЖКХ-2016» МКК беру мәселесі осындай болып табылады.  
2026 жылдың 17 наурызында Меңдіқара аудандық мәслихаты ауданның жергілікті атқарушы билігімен бірлесіп, «Меңдіқара ауданының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Боровское ЖКХ - 2016» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын мүліктік кешен ретінде заңдастыру туралы жария тыңдалымы өткізілді. 
 
Тыңдалымның жұмысына Меңдіқара аудандық мәслихатының төрағасы Қ.Р. Рахметқалиев, Меңдіқара ауданы әкімінің орынбасары Н.О. Бажиров, Меңдіқара ауданының қаржы бөлімі басшысының м.а. А.К. Ахметбекова, және аудан тұрғындары қатысты. 
 
Аудандық мәслихаттың құқықтық тәртіп пен аграрлық мәселелер, шағын және орта бизнесті, өндірісті дамыту, бюджет пен жоспарлау, ауданның әлеуметтік - экономикалық даму мәселелері бойынша тұрақты комиссияның бұрын қаулысымен жұмыс тобы құрылған болатын, ол ай ішінде «Боровское ЖКХ - 2016» кәсіпорнын жұмысын нақты зерделеу өткізді, бәсекелестік ортаға беруге қатысты барлық аспектілері қарастырылды. 
 
Жария тыңдалым барысында уәкілетті органдардың өкілдерінің позициясы мен баяндамалары, міндеттемелер мен заңдастырудың салдарына қатысты қатысушылардың пікірі тыңдалған болатын. Жария тыңдалымдарды қорытындылары бойынша қатысушылар  «Меңдіқара ауданының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Боровское ЖКХ - 2016» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын заңдастыруын мақсатқа сай емес жөніндегі бірыңғай пікіріне келді.