
Тұрақты комиссия
2026 жылдың 25 ақпанында Б.Қ. Ыбырайдың төрағалық етуімен құқықтық тәртіп пен аграрлық мәселелер, шағын және орта бизнесті, өндірісті дамыту, бюджет пен жоспарлау, ауданның әлеуметтік -экономикалық даму мәселелері бойынша Меңдіқара аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті. Депутаттар «Меңдіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесімен 2025 жыл бойынша жергілікті бюджет қаражатын игеру барысы мен 2026 жылға арналған жоспарлары туралы» сұрағын қарастырды. Депутаттар «Меңдіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы Ж.М. Таженованың «Меңдіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесімен 2025 жыл бойынша жергілікті бюджет қаражатын игеру барысы мен 2026 жылға арналған жоспарлары туралы» есебін тыңдап және талқылай келе белгіледі: «Меңдіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ (бұдан әрі - мәдениет бөлімі). Меңдіқара ауданы мәдениет саласы бойынша 2025 жылға арналған қаржыландыру жоспары бойынша 465926,4 мың теңге сомасында, сонымен қатар облыстық бюджетінен Тілдерді дамыту орталығының жалақысына 5 806,4 мың теңге сомасында қарастырылған болатын. Ауданның мәдени ұйымдарының міндеттері мен басты мақсаты мәдениетті, салт - дәстүрлерді, әдеп - ғұрыптарды сақтау мен жаңарту, дамыту, мәдени - жаппай іс - шаралар арқылы халықтың мәдени бос уақытын ұйымдастыру болып табылады.
Қазіргі күні ауылдық жерде мәдени - бос уақыт жұмысын кең тұрғыда дамыту бұл фестивальдарды - байқауларды, шығармашылық кештерді, кездесулерді, музыкалық - әдеби кештерді, поэзиялық кештерді, мемлекеттік мерекелерді, қайырымдылық іс - шараларын, шоу бағдарламаларды, ойын - сауықтық ойындарды, флешмобтарды, акцияларды, форрумдарды және тағы басқаларды өткізу.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру аясында кітапхана сайтында деректердің толық мәтіндік базасын орналастыру мен мерзімді баспаларынан мақалаларды цифрландыру бойынша жұмыс жалғасуда. Ақпараттық - библиографиялық қызметі 2025 жылда жыл оқиғалары мен күндерін есептеумен орындалған.
Депутаттар осы сұрақтар бойынша сәйкес қаулылар қабылданды.