2025 жылдың 26 желтоқсанында Меңдіқара аудандық мәслихатының кезекті сессиясы болып өтті

2025 жылдың 26 желтоқсанында Меңдіқара аудандық мәслихатының кезекті сессиясы болып өтті


Күн тәртібінің келесі сұрақтары тыңдалған болатын:
1. Меңдіқара ауданының 2026 - 2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы.
2. Меңдіқара аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының 2025 жылғы жұмыс қорытындылары туралы.
3. 2026 жылға арналған Меңдіқара аудандық мәслихатының жұмыс жоспарын бекіту туралы.
4. 2026 - 2030 жылдарға арналған Меңдіқара ауданы дамуының жоспарын бекіту туралы.
5. Мәслихаттың 2021 жылғы 24 қыркүйектегі № 45 «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
6. Меңдіқара ауданының 2026 - 2028 жылдарға арналған ауылдардың, ауылдық округтердің бюджеттері туралы.
7. Меңдіқара аудандық мәслихатының кезекті сессиясының күн тәртібі туралы.
Қ.Р. Рахметқалиев аудандық мәслихаттың төрағасы, ол депутаттарды мәслихат шешімдерінің жобаларымен, сессия күн тәртібімен таныстырды.

Депутаттар есеп берулерді тыңдады: Н.О. Бажировты, Меңдіқара ауданы әкімінің орынбасарын, «Меңдіқара ауданының 2026 - 2028 жылдарға арналған бюджеті туралы», Н.В. Тимашованы, Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысын «Меңдіқара ауданының 2026 - 2028 жылдарға арналған ауылдардың, ауылдық округтердің бюджеттері туралы», Б. Қ. Ыбырайды құқықтық тәртіп пен аграрлық мәселелер, шағын және орта бизнесті, өндірісті дамыту, бюджет пен жоспарлау, ауданның әлеуметтік - экономикалық даму мәселелері бойынша Меңдіқара аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасын, А. У. Тишбаеваны табиғатты қорғау, дене шынықтыру және спорт, жастар істері, тарихи мұраны қорғау, мәдениет, денсаулық сақтау, халықтық білім беру, әлеуметтік саясат мәселелері бойынша Меңдіқара аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрайымын, «Меңдіқара аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының 2025 жылғы жұмыс қорытындылары туралы» сұрақтары бойынша, аудандық мәслихаттың төрағасын, 2026 жылға арналған Меңдіқара аудандық мәслихатының жұмыс жоспарымен және «Меңдіқара аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі туралы» сұрағы бойынша.
Депутаттар Меңдіқара ауданы мемлекеттік мекемелерінің бөлімдері басшыларының ақпаратын тыңдады.