2025 жылғы 26 желтоқсанда сағат 09.00 - да Боровское ауылы, Королев көшесі 5 мекенжайы бойынша 3 - қабаттағы мәжіліс залында Меңдіқара аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті сессиясы өтеді.
Отырыстың күн тәртібі:
- Меңдіқара ауданының 2025 - 2027 жылдарға арналған бюджеті туралы.
- Меңдіқара аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының 2025 жылғы жұмыс қорытындылары туралы.
- Меңдіқара аудандық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоапырн бекіту туралы.
- 2026 - 2030 жылдарға арналған Меңдіқара ауданы дамуының жоспарын бекіту туралы.
- Мәслихаттың 2021 жылғы 24 қыркүйектегі № 45 «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Меңдіқара аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының жұмысындағы үзіліс туралы.
- Меңдіқара ауданы ауылдардың, ауылдық округтерінің 2025 - 2027 жылдарға арналған бюджеттері туралы.
- Меңдіқара аудандық мәслихатының кезекті сессиясының күн тәртібі туралы.