Тұрақты комиссия

Тұрақты комиссия


2025 жылы 9 қазанда А.Ө. Тишбаеваның төрайым етуімен табиғатты қорғау, дене шынықтыру және спорт, жастар істері, тарихи мұраны қорғау, мәдениет, денсаулық сақтау, халықтық білім беру, әлеуметтік саясат мәселелері бойынша аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті. Депутаттар «Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылықты алдын алу бойынша шаралары туралы» және «Меңдіқара ауданында ана мен бала өлімін төмендету бойынша денсаулық сақтаудың жұмысы туралы» сұрақтарын қарастырды.


Депутаттар Меңдіқара ауданының полиция бөлімі мемлекеттік мекемесінің бастықтын орынбасары Р.Е. Сабитовтың «Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылықты алдын алу бойынша шаралары туралы» есебін тыңдады және талқылады. Меңдіқара ауданының полиция бөлімінің қызметкерлерімен кәмелеттік жасқа толмағандар арасаында құқық бұзушылықты алдын алу бойынша күнделікті жұмыс өткізіледі.


2025 жылдың 9 айының есеп беру кезеңі бойынша Меңдіқара ауданының аумағында кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты және сондай - ақ кәмелеттік жасқа толмағандар жасаған қылмыстар тіркелген жоқ. Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылықтарды болдырмауды бақылау бойынша жұмыс жоспарлы жүргізілуде және тұрақты негізде құқық бұзушылықты алдын алу өткізіледі.


Екінші сұрақ бойынша депутаттар аудандық ауруханасы бас дәрігерінің м.а. Е.В. Абрамованың «Меңдіқара ауданында ана мен бала өлімін төмендету бойынша денсаулық сақтаудың жұмысы туралы» есебін тыңдады.


Комиссия ана мен баланың өлімін болдырмауды ерекше бақылауда ұстауды және аудан емханаларының акушерлері біліктілігін көтеруін, оқытуға үнемі бақылауда ұстауды ұсынды.

Депутаттар осы сұрақтар бойынша сәйкес қаулылар қабылдады.