2025 жылдың 24 қырқүйегінде Меңдіқара аудандық мәслихатының кезекті сессиясы болып өтті. Депутаттар бірінші сұрақ бойынша «Мәслихаттар алдында әкімдердің есеп берулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы Жарлығына сәйкес «Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерінің орындалуы туралы» Меңдіқара ауданының әкімі Ғ.М. Бекбаевтың есебін тыңдады. Депутаттар Меңдіқара ауданы әкімінің есебін бекітуді шешімін қабылдады. Аудан әкімі қойылған тапсырмаларды аяқтауда мемлекеттік мекемелердің басшыларына мен ауылдық округтердің әкімдеріне бірқатар ұсыныстар берді.
Екінші сұрақ бойынша «2024 жыл бойынша Меңдіқара ауданының тұрғындарын сапалы медициналық қызметтермен қамтамасыз ету және дәрі - дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралары мен 2025 жылға арналған жоспарлары туралы» аудандық ауруханасының бас дәрігерінің м.а. Е.В. Абрамованың ақпаратын тыңдады.
Өзінің есебінде бас дәрігердің м.а. медициналық қызметтердің сапасын көтеру мен қол жетімділігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданып жатқандығын түсіндірді. Денсаулық сақтау жүйесі біздің ауданымыздың барлық тұрғындарына алғашқы медикалық - санитарлық көмекті беруге бағдарланды.