2025 жылдың 24 қыркүйегінде Меңдіқара аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы болып өтті. Депутаттар бірінші сұрақ бойынша «Меңдіқара аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» аудандық мәслихат төрағасының ақпаратын тыңдады, яғни мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2025 жылдың 28 шілдедегі бұйрығымен мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау сұрақтарының бөлігінде өзгерістер енгізілді.
Екінші сұрақ бойынша «Мәслихаттың 2014 жылғы 7 ақпандағы № 204 «Арнайы комиссияның құрамын құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы В.Н. Гребенюктың ақпаратын тыңдады.
Өзінің есебінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы кадрлық өзгерістермен байланысты комиссия құрамына өзгерістер енгізілді.