2025 жылдың 24 қыркүйегінде депутат Б. Қ. Ыбырайдың төрағалық етуімен құқықтық тәртіп пен аграрлық мәселелер, шағын және орта бизнесті, өндірісті дамыту, бюджет пен жоспарлау, ауданның әлеуметтік -экономикалық даму мәселелері бойынша аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының кезекті отырысы болып өтті. Отырыста депутаттар Меңдіқара ауданының ТҮКШ ЖК ж АЖ бөлімінің басшысы А.З. Хасеновтың «Меңдіқара ауданы бойынша 2025 - 2026 жылдардың жылу маусымына әлеуметтік тұрғын үй қорының объектілері, коммуналдық қызметтерінің (жылу - су жабдықтары, ҚТҚ дайындығының қорытындылары туралы (көшпелі отырысы). (Боровское ТКШ - 2016, Меңдіқара - 2011 ЖШС, МА ТҮКШ ЖК ж АЖ бөлімі) есебін және екінші сұрақ бойынша Меңдіқара ауданы ауылдық округтердің әлеуметтік - экономикалық дамуы туралы (көшпелі отырыс: Введен, Буденный және Михайлов ауылдық округтері) ауылдық округтердің әкімдерінің есептерін тыңдады.
Депутаттар белгіледі, Меңдіқара ауданының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілерін 2025 - 2026 жылдарына жылыту маусымына дайындау Қостанай облысы әкімдігінің 2025 ж. 1.04. № 86 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы қаулыға сәйкес жылу көздерін, электр, жылу және су құбыры желілерін, тұрғын үй және әлеуметтік сала объектілерін дайындау бойынша жөндеу жұмыстарының жоспарлары әзірленіп, бекітілді.
Боровское ауылында жылу энергиясын өндірумен және берумен айналысатын ұйым «Боровское ТКШ - 2016» МКК болып табылады, оның балансында 10 қазандық бар: №1 қазандық (орталық қазандық). 2025 - 2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындық мақсатында ағымдағы жылда орталық қазандықтың БМК (блоктық - модульдік қазандық) орнату бойынша ҚМЖ (құрылыс - монтаждау жұмыстары) жүргізілуде. Мердігер «Qostanaistroy» ЖШС болып табылады.
Жұмыстар 90 % аяқталды.
Ауданның қалған қазандықтар бойынша дайындық 100% құрайды.
Қарастырылған сұрақтар бойынша комиссия сәйкес қаулылар қабылдады.
Екінші сұрақ бойынша Меңдіқара ауданы ауылдық округтердің әлеуметтік - экономикалық дамуы туралы (көшпелі отырыс: Введен, Буденный және Михайлов ауылдық округтері) депутаттар округтерге барып шықты. Бірқатар әлеуметтік объектілерді көріп шықты, білім процессіне және жылу маусымына дайындығын тексерді. Кемшіліктерді жою бойынша бірқатар ұсыныстар берді.
Қарастырылған сұрақтар бойынша комиссия сәйкес қаулылар қабылдады.