Тұрақты комиссия

Тұрақты комиссия


2025 жылдың 28 шілдесінде А.Ө. Тишбаеваның төрайым етуімен табиғатты қорғау, дене шынықтыру және спорт, жастар істері, тарихи мұраны қорғау, мәдениет, денсаулық сақтау, халықтық білім беру, әлеуметтік саясат мәселелері бойынша аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті. Депутаттар «Мемлекеттік қызметшілердің сыртқы түрі мен лудомания, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарды алдын алу мен ескерту, мемлекеттік қызметшілердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы» және «2024 жыл бойынша Меңдіқара ауданының аумағында діни бірлестіктердің жұмысы мен 2025 жылға арналған жоспарлары туралы» сұрақтарын қарастырды.
Депутаттар Меңдіқара ауданы әкімінің аппарат басшысы - Д.Қ. Ахметқалиевтың «Мемлекеттік қызметшілердің сыртқы түрі мен лудомания, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарды алдын алу мен ескерту, мемлекеттік қызметшілердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы» есебін тыңдап және талқылай келе белгіледі: Меңдіқара ауданында мемлекеттік қызметшілердің заңды құқықтарын қамтамасыз ету мәселесі жергілікті атқарушы органдардың жұмыс сапасы мен тұрақтылығы үшін аса маңыздылығы бар. Бұл мемлекеттік билікке деген халықтың сенімділігіне тікелей әсер етеді.
Екінші сұрақ бойынша депутаттар Меңдіқара ауданының ішкі саясат бөлімі басшысының м.а. Абылай Нұрланұлы Оразбековтың «2024 жыл бойынша Меңдіқара ауданының аумағында діни бірлестіктердің жұмысы мен 2025 жылға арналған жоспарлары туралы» есебін тыңдады: ауданның рухани қоғамы ханафи мәзһабылардың дәстүрлі мұсылмандарымен және православ - христиандармен ұсынылған. Ауданда «Қарамақы ата» атындағы мешіт, сондай - ақ екі шіркеу жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс - қимыл бойынша Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру барысында радикальды идеологияға және қарсы тұруды қалыптастыруға бағытталған ақпараттық - түсіндіру мен қадағалаулық насихаттық жұмыс жүргізілуде.
Депутаттар осы сұрақтар бойынша сәйкес қаулылар қабылдады.