Ағымдағы жылдың 22 мамырда ZOOM режимінде Қ.Р. Рахметқалиевтің төрағалығымен Меңдіқара аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.
Меңдіқара ауданының депутаттары, мемлекеттік мекеме басшысы, БАҚ қатысты.
Сессияда 1 негізгі мәселе қаралды. «Меңдіқара ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы» күн тәртібінің негізгі мәселесі бойынша Меңдіқара ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы В.В. Габун сөз сөйледі. Өз баяндамасында ол жоба «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 бұйрығына сәйкес әзірленгенін, сондай-ақ шешім жобасы «Ашық НҚА» порталда орналастырылғанын түсіндірді, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен Меңдіқара ауданының Қоғамдық кеңесінің ұсынымдары бар. Бұл жоба Қостанай облысының Әділет департаментінде келісілді.
Сессия қорытындысы бойынша ұсынылған жобаны депутаттар қолдады.