Президенттік жастар кадрлық резерві 4.0

Президенттік жастар кадрлық резерві 4.0

Президенттік Жастар Кадрлық Резервін (бұдан әрі - ПЖКР) қалыптастыруға байланысты бүгін 2025 жылдың 21 мамырында Меңдіқара аудандық мәслихаты аппаратының өкілдерімен және Боровское ауылының әкімі Ж.Т. Тұрағұловпен бірлесіп, Ғ. Жұмабаев атындағы Боровской мектеп -гимназиясының ұжымымен кездесу өткен болатын.
ПЖКР негізгі бағыттары талантты, бастамашыл жаңа ойланатын жастарды тарту болып табылады.
Осы жылы ПЖКР маусымнан бастап қазан айлары аралығында кезекті төртінші іріктеуді өткізу жоспарлануда, оның ерекшелігіі сәйкес салалық бағыттар бойынша пропорционалдық іріктеуді өткізу болып табылады. Іріктеу Президенттің Жарлығымен бекітілген) Ереже 2019 жылғы 27.08. № 141 Жарлығымен бекітілген) Ережелерге сәйкес 6 кезеңнен тұрады.
Жағдайды пайдалана отырып, біз 35 жасқа дейінгі жастағы Меңдіқара ауданының жастарын ПЖКР іріктеуге қатысуға шақырамыз.
Қатысуға өтінімді 2025 жылдың 1 маусымынан бастап 30 маусымы аралығында pkrezerv.gov.kz. сайтында беруге болады.