Бүгін 2025 жылдың 20 мамырында «Меңдіқара аудандық мәслихатының аппараты» ММ - сі Боровское ауылының әкімі Ж.Т. Тұрағұловпен бірлесе Президенттік жастар кадрлық резервіне (бұдан әрі - ПЖКР) іріктеу мәселелері бойынша А. Шотаев атындағы Боровской мектеп гимназиясының жас педагогтарының ұжымымен кездесу өтті. ПЖКР мақсаты жастар үшін шынайы және тиімді әлеуметтік лифтті жасау. Бізбен сол бұрынғыдай кадидаттарға жалпы талаптар, бұрын өткізілген іріктеу сол қалпында қалғандығы түсіндірілді, сондай - ақ бұл туралы талаптар сақталды, өйткені кандидаттар 35 жастан аспауы қажет, жоғары білімі бар, жұмыс өтілі бес жылдан кем емес және қазақ тілін білуі В1 деңгейінен кем болмауы тиіс. Үш жыл ішінде олар конкурстық іріктеуді өтусіз тікелей әртүрлі мемлекеттік лауазымдарға тағайындалуы мүмкін. Осы жылы іріктеу келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылған болатын:
Әлеуметтік саясат пен азаматтық қоғам;
Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті және сауда саясатын дамыту;
Экономикалық және қаржылық саясат;
Цифрландыру;
Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;
Сыртқы саясат пен инвестициялар.
Кандидатты тіркеу кезінде салалық бағыттарды таңдауы қажет, оның барысында ол Резервке оны тіркеген жағдайда еңбек қызметін жүзеге асыруды қалайды. Сонымен қатар барлық санаттарда әрбір салалық бағыттар бойынша олардың тең санында қолдау мақсатында кандидаттардың пропорционалдық іріктеуі қамтамасыз етіледі.
Іріктеу 6 кезеңнен тұрады:
- Кандидаттардың құжаттар беруі;
- Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілеттілігін бағалау;
- Жағдайлық тапсырмаларды шешу;
- Құзыреттілігін бағалау;
- Резервке іріктеу бойынша Сараптау комиссиясында кандидаттармен әңгімелесу;
- Сараптау коммиссиясымен ұсынылған кандидаттардың Ұлттық комиссиясының отырысында қарастыру.
Резервтің қорытындысы бойынша 50 адам тіркелген болатын. Тіркеу туралы шешімді хабарландыру ағымдағы жылдың 25 қазанынан кейін жоспарлануда. Қатысуға өтінімді 2025 жылдың 1 маусымынан бастап 30 маусымы аралығында pkrezerv.gov.kz сайтында беруге болады.