
Күн тәртібінде ауданымыз үшін аса маңызды мәселелер қаралды:
1) Мәртөк аудандық мәслихатының 2023 жылғы 2 қарашадағы № 51 «Мәртөк ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
2) Мәртөк ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемесін бекіту туралы.
3) Мәртөк аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №166 «2025-2027 жылдарға арналған Мәртөк аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
4) Депутаттық сауалдар.
Сессияны аудандық мәслихат төрағасы Талғат Көлкебаев жүргізді. Сессияға аудан әкімінің орынбасары Дархан Тлеуов, аудан әкімдігіне қарасты бөлімдердің басшылары, Мәртөк ауылдық округінің әкімі қатысты. Талқылау барысында депутаттар әрбір сұрақ бойынша өз ұсыныстары мен ескертулерін білдірді. Барлық мәселелер бойынша депутаттар бірауыздан шешім қабылдады.Қабылданған шешімдер ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етеді деп күтілуде.