
Бүгін «AMANAT» партиясы Мәртөк аудандық филиалының атқарушы хатшысы, мәслихат депутаты Ануар Искарин, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Бану Тілегенова және Мәртөк аудандық мәслихатының төрағасы Талғат Көлкебаев Байнассай ауылының тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында ауыл тұрғындарына депутаттық қызмет аясында атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, алдағы жоспарлары жөнінде ақпарат ұсынды. Сондай-ақ тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен өтініштерін тыңдап, көтерілген мәселелерді назарға алды.
Ауыл тұрғындары тарапынан әрбір көтерілген мәселе бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, олардың кезең-кезеңімен шешілу жолдары қарастырылатыны айтылды.
Кездесу қорытындысында тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстар мен өтініштер бақылауға алынып, оларды шешу бағытында нақты жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.