МӘРТӨК АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

МӘРТӨК АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

20.03.2026ж. Мәртөк аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының кеңейтілген кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Мәртөк ауданында автомобиль жолдарын реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы ақпарат тыңдалды. Аталған мәселе бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Калимаганбетов баяндама жасап, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларға тоқталды.

Екінші мәселе бойынша Мәртөк ауданы аумағында қызмет ететін діни бірлестіктердің қызметіне талдау, өңірдегі діни ахуалдың жай-күйі туралы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ы.Аяшов баяндады.

Отырыс барысында депутаттар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша бірқатар ұсыныстар мен пікірлер айтылып, салалық бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді. Сонымен қатар, қаралған мәселелердің маңыздылығы ескеріліп, алдағы уақытта олардың тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ету қажеттігі атап өтілді.

Жиын қорытындысы бойынша тиісті қаулылар қабылданып, белгіленген міндеттерді сапалы орындау бағытында жұмыстар жалғасатын болады.