2026 жылғы 10 ақпанда Мәртөк аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы өткізілді. Отырысқа аудан әкімінің орынбасары Дархан Тлеуов, тұрақты комиссия мүшелері, Қоғамдық кеңестің төрағасы, аудандық бөлім басшылары, сондай-ақ Мәртөк ауылдық округінің әкімі қатысты.
Күн тәртібінде төрт мәселе талқыланды. Бірінші және екінші мәселелер Мәртөк аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №268 «2026-2028 жылдарңы арналған Мәртөк аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы және «Мәртөк ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2026 жылға әлеуметтік қолдау көрсету туралы». Аталған мәселелер бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары Д.К.Қадыров баяндама жасады.
«Мәртөк ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2023 жылғы 2 қарашадағы № 51 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қамқор» отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы» аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Г.Курмангалиев шешімге енгізілетін өзгерістердің мән-жайын түсіндірді.
Отырыстың қорытындысы бойынша барлық мәселелер депутаттар тарапынан талқыланып, тиісті қаулылар қабылданды.