17.07.2025 ж. «AMANAT» партиясы Мәртөк аудандық филиалында шекаралық аймақтардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру мәселелерін талқылау мақсатында келелі кеңес өтті.
Мәртөк аудандық мәслихатының төрағасы Талғат Көлкебаевтың төрағалығымен өткен кеңеске аудан әкімінің орынбасары Қуандық Қылышбаев, «AMANAT» партиясы Мәртөк аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ануар Искарин, Жайсан шекара бөлімі бастығының орынбасары Дархан Каден, аудандық мәслихаттың депутаттары, аудандық қоғамдық кеңесінің мүшелері, округ әкімдері қатысты.
Жайсан шекара бөлімі бастығының орынбасары шекаралық аймақтарды дамытуға қатысты бірқатар ұсыныстар білдірді. Мәселен, шекаралық аймақтардағы елді мекендерге жайлы жағдай жасау үшін ауылдарда балабақша, ойын-сауық алаңдары, жол, көгілдір отынмен қамтамасыз ету, спорттық кешен, тамақтану орталықтары салу мәселелері түбегейлі шешімін табу қажет. Ауылда жайлы өмір болмаған соң шекаралық аймақтардағы елдімекендерден тұрғындардың көбі көшіп кетеді. Ал ауыл тұрғындары жоқ ауылдар шекаралық аймақ үшін қауіпті. Сонымен қатар, шекаралық аймақтарда төрт түліктердің мемлекеттік шекарадан өтіп кету фактілері жие орын алады. Осыған байланысты темір қоршаулар салу маңызды. Осы бағытта төрт түлікті шекарадан заңсыз айдаумен айналысатындардың жолын кесу мақсатында техникалық құралдармен қамтамасыз етілу керек. Аудан көлемінде төтенше жағдайлар болуын және өзге де аппараттардың алдын алу мен тұрғындарды эвакуациялау мақсатында арнайы техникалар болуы керек.
Аталған мәселелердің шешімі бюджет қаражатына байланысты.
Сондықтан кеңеске қатысушылар бірауыздан шекаралық аймақтарды дамыту үшін ҚР жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы және тұрғын үй қатынастар туралы заңдары мен ҚР бюджеттік кодекісінің баптарына өзгерістер енгізу бойынша нақты ұсыныстар айтты. Жинақталған ұсыныстар аудандық мәслихат тарапынан «AMANAT» партиясының Ақтөбе облыстық филиалына әрмен қарай ҚР Парламент Мәжілісіне жолданатын болады. Себебі, Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында Үкімет пен Парламентке берген тапсырмасына орай, алдағы уақытта «Шекаралық аумақтарды дамыту туралы» заң жобасы әзірленбек.