АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

17 шілдеде Мәртөк аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Комиссия жұмысына мәслихат төрағасы Талғат Көлкебаев, депутаттар, Қоғамдық кеңестің төрағасы және ауданның ауылдық округтерінің әкімдері қатысты.

Күн тәртібінде ауылдық округтердің бюджеттеріне өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды. Бұл туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Айжан Жұмабаева баяндама жасап, бюджет қаражатын мақсатты және тиімді бөлуді қамтамасыз етуге бағытталған түзетулерді ұсынды. Сонымен қатар, ауылдық округ әкімдері өз бюджеттері бойынша ақпарат берді.

Депутаттар тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынды. Күн тәртібіндегі мәселе толығымен қаралып, талқыланып, тиісті қаулы қабылданды.