Марқакөл ауданы мәслихат депутаттарының және аудан тұрғындарының назарына!

Марқакөл ауданы мәслихат депутаттарының және аудан тұрғындарының назарына!

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10-бабына сәйкес Марқакөл ауданының мәслихаты аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарындағы бос орындарға кандидатуралар ұсыну туралы хабарлайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураны да ұсынуға құқылы.

Мәслихат белгілеген, сайлау комиссияларын құру мерзіміне дейін он бес күннен кем болмайтын мерзімде саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихат сайлау комиссияларын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстары бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және жоғары тұрған органдары сайлау комиссияларының құрамдарындағы бос орындарға кандидатуралар ұсыну үшін Марқакөл ауданының мәслихатына 2026 жылғы 25 қыркүйекке дейін мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. белгіленген нысанда электрондық түрде және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамдарына кандидаттар туралы мәліметтер;
  2. тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидатура ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалының (өкілдігінің) шешімінен үзінді көшірме;
  3. саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
  4. кандидаттың белгіленген тәртіппен сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші.

Сайлау комиссияларының құрамдарына ұсынылған тұлғалар Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.

Аумақтық сайлау комиссияларының мәслихаттар сайлайтын мүшелері Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылып, мөр қойылуы, сондай-ақ құжаттың орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілуі тиіс.

Ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 25 қыркүйекке дейін, сағат 8:00-ден 17:30-ға дейін, түскі үзіліс 12:00-ден 13:30-ға дейін жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 19-бабының 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес сайлау комиссиясы мүшелерінің өз міндеттерін атқарудан өз еркімен босатылуына байланысты сайлау комиссияларының құрамдарында бос орындар пайда болды.

Осыған байланысты Марқакөл ауданының мәслихаты төменде көрсетілген аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарындағы бос орындарға кандидатуралар ұсынуды қабылдайды.

Аумақтық сайлау комиссиясы

Аумақтық сайлау комиссиясының құрамында 3 бос орын.

 Учаскелік сайлау комиссиялары

Р/с №

Сайлау учаскесінің нөмірі

Сайлау комиссиясының орналасқан жері (мекенжайы, сайлау комиссиясы орналасқан ғимарат)

Бос орындар саны

1

№751 сайлау учаскесі

Қарашілік ауылы, «Қарашілік негізгі орта мектебі» КММ, Шекарашы көшесі, №4 үй

1

2

№768 сайлау учаскесі

Теріскей-Бөкенбай ауылы, тұрғын үй, (Атаусыз көшесі), №9 үй

2

3

№771 сайлау учаскесі

«Төсқайың ауылдық клубы» КМҚМ

3

4

№773 сайлау учаскесі

Шанағаты ауылы, Батырлар көшесі, 5, ШҚО білім басқармасы Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің «Шанағаты бастауыш мектебі» КММ

1

5

№775 сайлау учаскесі

Урунхай ауылы, Абай көшесі, 12, ШҚО білім басқармасы Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің «Урунхай негізгі орта мектебі» КММ

3

6

№1162 сайлау учаскесі

«Мектеп-интернат-колледж» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Марқакөл ауылы, Журба көшесі, №42 үй

1

 Марқакөл ауданы мәслихатының төрағасы М. Калелов

Мәслихаттың орналасқан жері:  Марқакөл ауылы, А. Крахмаль көшесі, 67.

Жауапты тұлға: А. Касентаева, әкімшілік ғимараты, 2-қабат.

Электрондық пошта мекенжайы: maslihat_markakol@mail.ru