
Марқакөл ауданы мәслихатының VIII шақырылымының кезектен тыс 43-сессиясы өтті.
Сессия барысында депутаттар Марқакөл ауданының ауылдық округтерінің 2026–2028 жылдарға арналған бюджеттеріне өзгерістер енгізуге қатысты мәселелерді қарады.
Атап айтқанда, Марқакөл, Боран, Қалжыр, Тосқайын және Ақбұлақ ауылдық округтерінің бюджеттері қаралды. Тиісті мәселелер бойынша ауылдық округтердің әкімдері баяндама жасады.
Талқылау барысында депутаттар ауылдық округтер бюджеттеріне енгізілетін өзгерістердің негізгі бағыттарын қарастырып, тиісті шешімдер қабылдады.
Мәслихат қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында кезектен тыс 43-сессияның жұмысы Марқакөл ауданы мәслихатының ресми YouTube-арнасында онлайн режимде тікелей көрсетілді.
Күн тәртібіндегі мәселелерді қарау қорытындысы бойынша мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады.