Марқакөл ауданы мәслихатының кезекті қырық бірінші сессиясы өтті

Марқакөл ауданы мәслихатының кезекті қырық бірінші сессиясы өтті

Сессия барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына және мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіруге бағытталған бірқатар маңызды мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша Марқакөл ауданы мәслихатының төрағасы Мамырбек Жәлімханұлы Калелов мәслихат қызметін ұйымдастыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

Екінші мәселе бойынша Марқакөл ауданында денсаулық сақтау саласын дамыту жоспарының жүзеге асырылу барысы мен нәтижелері туралы аудандық аурухананың жалпы тәжірибелік дәрігері Меруерт Жұмаханқызы Бөлекпаева баяндама жасады.

Сондай-ақ Төсқайың ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есепті ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Рауфа Қадырқызы Нұрғалиева ұсынды.

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстар жөнінде Марқакөл ауданы полиция бөлімінің бастығы Бекзат Мұратұлы Мұратов есеп берді.

Келесі мәселе бойынша Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Гүлбақыт Қалымбекқызы Мұсаханова білім беру қызметтерін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестендіру жөнінде атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

«Әртүрлі мәселелер» бөлімінде Марқакөл ауданы бойынша 2026–2030 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар қаралып, бекітілді. Аталған мәселе бойынша Марқакөл ауданының жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Виктория Александровна Новоселова ақпарат берді.

Сессия барысында күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.

Ашықтық пен жариялылық қағидаттарын қамтамасыз ету мақсатында сессия отырысы мәслихаттың ресми YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетілді.