ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Марқакөл ауданы мәслихатының VIII шақырылымындағы кезектен тыс қырық екінші сессиясы 2026 жылғы 25 маусым күні сағат 15:00-де Марқакөл ауылындағы аудан әкімдігі ғимаратында өтеді.

Сессияның күн тәртібі:

  1. Марқакөл ауданы мәслихаты төрағасының мәслихат қызметін ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыстары туралы есебі.
    Мамырбек Жәлімханұлы Калелов – Марқакөл ауданы мәслихатының төрағасы.
  2. Марқакөл ауданында денсаулық сақтау саласын дамыту жоспары мен оның жүзеге асырылу нәтижелері жөніндегі ақпарат.
    Анар Асымқановна Бекпаева – Марқакөл аудандық ауруханасының меңгерушісі.
  3. Төсқайың ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.
    Эдуард Калиевич Авкубаев – Төсқайың ауылдық округінің әкімі.
  4. Марқакөл ауданында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша полиция бөлімі инспекторларының жұмысы туралы есебі.
    Бекзат Мұратұлы Мұратов – Марқакөл ауданы полиция бөлімінің бастығы.
  5. Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің білім беру қызметтерін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестендіру бойынша атқарылған жұмыстары туралы есебі.
    Гүлбақыт Қалымбекқызы Мұсаханова – Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы.
  6. Әртүрлі мәселелер.

    1. Марқакөл ауданы бойынша 2026–2030 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы.
    Ардақ Ғалиқызы Тлеубаева – Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі.

Тұрақты комиссиялардың отырысы сағат 13:30-да өтеді.