Марқакөл ауданы мәслихатының кезектен тыс қырқыншы сессиясы өтті

Марқакөл ауданы мәслихатының кезектен тыс қырқыншы сессиясы өтті

2026 жылғы 15 мамыр күні Марқакөл ауылындағы аудан әкімдігінің ғимаратында VIII шақырылымдағы Марқакөл ауданы мәслихатының кезектен тыс қырқыншы сессиясы өтті.

Сессияны Марқакөл ауданы мәслихатының төрағасы М.Ж. Калелов аудан әкімі Р.Н. Кемешевтің қатысуымен өткізді.

Сессия жұмысына аудандық мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, сондай-ақ жауапты салалық бөлімдер мен құрылымдардың жетекшілері қатысты.

Сессияның күн тәртібіне Марқакөл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 36/2-VIII «Марқакөл ауылдық округінің 2026–2028 жылдарға арналған бюджеті туралы», № 36/3-VIII «Боран ауылдық округінің 2026–2028 жылдарға арналған бюджеті туралы», № 36/4-VIII «Қалжыр ауылдық округінің 2026–2028 жылдарға арналған бюджеті туралы», № 36/5-VIII «Тосқайың ауылдық округінің 2026–2028 жылдарға арналған бюджеті туралы», № 36/6-VIII «Ақбұлақ ауылдық округінің 2026–2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізу мәселелері енгізілді.

Қаралған мәселелер бойынша тиісті ауылдық округ әкімдері баяндама жасады.

Талқылау барысында ұсынылып отырған өзгерістер жекелеген бюджеттік шығыстарды түзетуге, қаражатты басым бағыттар бойынша бөлуге және ауылдық округтер бюджеттерінің тиімді орындалуын қамтамасыз етуге бағытталғаны атап өтілді.

Қаралған мәселелер бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.

Сессияның өту барысы аудандық мәслихаттың YouTube арнасында онлайн режимде тікелей көрсетілді.