
Марқакөл ауданында ағымдағы жылдың 27 ақпанында аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз жетінші сессиясы өтті.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе – «Марқакөл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 30 қазандағы №29/3-VIII «Марқакөл ауданының учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына жаңа мүшелерді сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» бойынша Марқакөл ауданы мәслихатының төрағасы М.Ж. Калелов баяндама жасады. Өз баяндамасында ұсынылып отырған өзгерістерді таныстырып, оларды қабылдаудың қажеттілігін негіздеді.
Екінші мәселе – «Марқакөл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 6 маусымдағы №23/12-VIII «Марқакөл ауданы бойынша жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» бойынша Марқакөл ауданының жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушысы В.А. Новоселова баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі мәселелерді қарау қорытындысы бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады. Сондай-ақ сессия отырысы аудандық мәслихаттың YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетілді.