
2026 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2026 жылғы 15 наурызда жаңа Конституция жобасын қабылдау бойынша республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды.
Бекітілген жүйелік жоспарға сәйкес, жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында Марқакөл ауданына облыстық коалиция мүшелері – Әнуарбек Мұхтарханұлы Мұхтарханов және AMANAT партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Аманбай Мұхамедиярұлы Нұркенов келді.
Кездесу барысында аудан активі мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің алдында жаңа Конституция жобасының басым бағыттары жан-жақты түсіндірілді. Өзгерістердің ел дамуына, азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге, басқару жүйесін жетілдіруге қосар үлесі кеңінен талқыланды.
Жиын барысында тұрғындар көкейінде жүрген сауалдарын қойып, нақты әрі мазмұнды жауаптар алды. Ашық диалог форматында өткен кездесу халықтың белсенділігін және реформаларға деген қызығушылығын көрсетті.
Марқакөл ауданы бойынша штаб басшысы, Марқакөл аудандық мәслихат төрағасы Мамырбек Жәлімханұлы Калелов облыстық штаб мүшелеріне алғысын білдіріп, Марқакөл жұртшылығы Мемлекет басшысының саясатын толық қолдайтынын жеткізді.
Алдағы 15 наурыз – ел болашағы үшін маңызды күн. Әр азамат референдумға қатысып, тарихи шешім қабылдауға өз үлесін қосуы қажет.