
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10, 19-баптарына, «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін міндеттерінен босату туралы» Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 10 ақапандағы № 3 қаулысына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының мәслихаты Марқакөл ауданының учаскелік сайлау комиссиялары құрамынан шығып кеткен комиссия мүшелерінің орнына жаңа мүшелерін сайлау өтетіні туралы хабарлайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихат өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлау комиссиясын құрады.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 11 ақпанан бастап 2026 жылғы 25 ақпан аралығында Марқакөл ауданы мәслихатының аппаратына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер;
2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамдарына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштің нысандары мәслихаттың сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс;
Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата – аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары (әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерін ауыстыру бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 11 – 25 ақпан аралығында дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08:00-ден 17:30-ге дейін жүзеге асырылады, үзіліс сағат 12:00-ден 13:30-ге дейін.
Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының мәслихаты
Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы мәслихатының төрағасы – Калелов Мамырбек Жалимханович.
Мәслихаттың орналасқан жері: Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы ауданы, Марқакөл ауылы, Крахмаль көшесі, 67 үй.
Жауапты адам – Касентаева Алия Ахметкаримовна, ұялы телефон нөмірі 8 (708) 837-92-56, электрондық пошта мекенжайы maslihat_markakol@mail.ru
Марқакөл ауданының мәслихаты Марқакөл ауданының учаскелік сайлау комиссиялары құрамынан шығып кеткен мүшелерінің орнына жаңа мүшелерді сайлайды:
| № | Комиссияның атау | Объектінің (орналастыру үй-жайының атауы) | Комиссияның орналасқан жерінің мекенжайы | Сайлау комиссиясының шығып кеткен мүшелерінің орнына сайланатын мүшелерінің саны | ||
| Елді мекен | Көше | Үй | ||||
| 1 | №753 учаскелік сайлау комиссиясы | Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің «Ақжайлау негізгі орта мектебі» КММ | Ақжайлау ауылы | Мектеп | 80 | 1 |
| 2 | №757 учаскелік сайлау комиссиясы | Марқакөл ауданы Қалжыр ауылдық клубы»КМҚМ | Қалжыр ауылы | Нұрмұханов | 5 | 2 |
| 3 | №765учаскелік сайлау комиссиясы | «Қазақстан негізгі орта мектебі» КММ | Қазақстан ауылы | Атаусыз | 17 | 1 |
| 4 | №771 учаскелік сайлау комиссиясы | Марқакөл ауданы «Төсқайың ауылдық клубы» КМҚМ | Төсқайың ауылы | Қаба | 17 | 1 |
| 5 | №772 учаскелік сайлау комиссиясы | «Балықтыбұлақ бастауыш мектебі» КММ | Балықтыбұлақ ауылы | Атаусыз | 18 | 1 |
| 6 | №774 учаскелік сайлау комиссиясы | «Бұғымүйіз бастауыш мектебі» КММ | Бұғымүйіз ауылы | Атаусыз | 3 | 1 |
| 7 | №775 учаскелік сайлау комиссиясы | «Урунхайка негізгі орта мектебі» КММ | Урунхайка ауылы | Атаусыз | 12 | 3 |
| 8 | №1162 учаскелік сайлау комиссиясы | «Марқакөл ауылы мектеп-интернат-колледж» КММ | Марқакөл ауылы | Журба | 42 | 2 |
Марқакөл ауданы мәслихатының аппараты