
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында 2026 жылғы 15 қаңтар күні Қалжыр ауылдық округінде тұрғындармен есепті кездесу өтті. Кездесуге Марқакөл аудандық мәслихатының төрағасы Калелов М.Ж. қатысып, Шеңгелді, Оң жақ Қалжыр, Тақыр және Қалжыр ауылдарының тұрғындарымен ашық форматта жүздесті.
Есепті кездесуде Қалжыр ауылдық округінің әкімі 2025 жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Өз кезегінде Марқакөл аудандық мәслихатының төрағасы Калелов М.Ж. аудан көлемінде 2025 жылы жүзеге асырылған негізгі жұмыстарға және «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы аясында атқарылған шараларға тоқталды.
Кездесу барысында тұрғындар ауылдарды толғандырған бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, елді мекендердегі ұялы байланыс пен интернет жылдамдығының төмендігі, Тақыр және Оң жақ Қалжыр ауылдарына медициналық пункт салу қажеттілігі, Тақыр ауылында клубтың жоқтығы, балалар ойын алаңдары мен шағын футбол алаңдарын орнату, сондай-ақ көшелерді жарықтандыру мәселелері сөз болды.
Көтерілген барлық ұсыныс-пікірлер бойынша нақты іс-шаралар жоспары әзірленіп, тиісті мемлекеттік органдарға жолданды. Аталған мәселелердің орындалуы аудандық мәслихаттың тұрақты бақылауында болатыны атап өтілді.
Сонымен қатар, аудандық мәслихат депутаты Икамбаев Б.А. Қарой және Қайнарлы ауылдарының тұрғындарымен жеке кездесулер өткізіп, халықты алаңдатқан әлеуметтік маңызы бар мәселелерді тыңдап, оларды шешу жолдарын талқылады.
Мұндай кездесулер халықпен кері байланысты нығайтып, тұрғындардың нақты сұранысына сай тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.