Марқакөл аудандық мәслихатының кезектен тыс XXXVI сессиясы өтті

Марқакөл аудандық мәслихатының кезектен тыс XXXVI сессиясы өтті

Ағымдағы жылдың 23 желтоқсанында Марқакөл аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз алтыншы сессиясы өтті.

Сессияда 2026–2028 жылдарға арналған Марқакөл, Боран, Қалжыр, Төсқайың және Ақбұлақ ауылдық округтерінің бюджеттеріне қатысты бес мәселе қаралды. Аталған мәселелер бойынша Марқакөл ауылдық округінің әкімі Қ.Қ. Қизатов, Боран ауылдық округінің әкімі М.Т. Әділбаев, Қалжыр ауылдық округінің әкімі М.А. Омаров, Төсқайың ауылдық округінің әкімі Э.К. Авкубаев және Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі А. Актанов баяндама жасады.

Қаралған мәселелер ауылдық округтердің орта мерзімді бюджеттерін қалыптастыруға, олардың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге және жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталды.

Сессия отырысы Марқакөл аудандық мәслихатының YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетілді, бұл аудан тұрғындары үшін өкілді орган қызметінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етті.