Марқакөл аудандық мәслихатының кезектен тыс XXXIV сессиясы өтті

Марқакөл аудандық мәслихатының кезектен тыс XXXIV сессиясы өтті

2025 жылғы 4 желтоқсанда сағат 15:00-де Марқакөл ауылындағы аудан әкімдігінің ғимаратында Марқакөл ауданы мәслихатының VIII шақырылымының кезектен тыс отыз төртінші сессиясы өтті.

Сессияның күн тәртібіне екі мәселе енгізілді:

  • «Марқакөл ауылдық округінің 2025–2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №19/2-VIII шешіміне өзгерістер енгізу;
  • «Төсқайың ауылдық округінің 2025–2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №19/5-VIII шешіміне өзгерістер енгізу.

Ұсынылған өзгерістер ауылдық округтердің алдағы үш жылдық бюджеттерін нақтылауға, қаржылық ресурстарды тиімді жоспарлауға және әлеуметтік-экономикалық міндеттердің уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуге бағытталды.

Сессия қорытындысы бойынша депутаттар күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдады.