Марқакөл ауданы мәслихатының VIII шақырылымының кезектен тыс отыз үшінші сессиясы 2025 жылғы 4 желтоқсан күні сағат 10:00-де Марқакөл ауылында, аудан әкімдігінің ғимаратында өтеді.
Сессияның күн тәртібі:
- «2025-2027 жылдарға арналған Марқакөл ауданының бюджеті туралы» Марқакөл аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №18/3-VIII шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы.
- Марқакөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 12 желтоқсандағы №15/2-VIII “Марқакөл ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджеттік қаражат есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы” шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Өзге де мәселелер.
Тұрақты комиссиялардың отырысы сағат 9:00-де басталады.