Марқакөл ауданы мәслихаты VIII шақырылымының кезектен тыс XXXII сессиясы өтті

Марқакөл ауданы мәслихаты VIII шақырылымының кезектен тыс XXXII сессиясы өтті

2025 жылдың 27 қарашасы күні сағат 15:00-де Марқакөл ауылында, аудан әкімдігі ғимаратында Марқакөл ауданы мәслихаты VIII шақырылымының кезектен тыс отыз екінші сессиясы өтті.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе «Марқакөл ауданында оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» мәслихат шешімі жобасын қарау болды.

Аталған бастама шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін қолайлы жағдайлар жасауға, салықтық ауыртпалықты азайтуға және ауданның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталды. Депутаттар ұсынылған түзетудің негіздемелерін және оның аудан экономикасының дамуына ықпалын талқылады.

Сессия қорытындысы бойынша депутаттар тиісті шешім қабылдады.