
Депутаттардың қарауына 2025–2027 жылдарға арналған Марқакөл, Боран, Қалжыр, Тосқаин және Ақбұлақ ауылдық округтерінің бюджеттеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері ұсынылды.
Ауылдық округ әкімдері жергілікті бюджеттердің кіріс және шығыс бөліктерін нақтылау жөніндегі өз ұсыныстарын таныстырды. Өзгерістердің қажеттілігі қазіргі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштермен, аумақтардың өзекті қажеттіліктерімен және нақтыланған трансферттерді ескере отырып, бюджет қаражатын тиімді пайдалану міндеттерімен негізделді.
Ұсынылған жобалар алдын ала мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында қаралып, оң қорытынды алған болатын.
Талқылау қорытындысы бойынша депутаттар ұсынылған түзетулерді бірауыздан қолдап, күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша шешімдер қабылдады. Қабылданған өзгерістер жергілікті бюджеттердің теңгерімділігін қамтамасыз етуге және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын іске асыруға мүмкіндік береді.