2025 жылғы 11 қарашада Марқакөл аудандық мәслихатының кезектен тыс отызыншы сессиясы өтті

2025 жылғы 11 қарашада Марқакөл аудандық мәслихатының кезектен тыс отызыншы сессиясы өтті

Сессия басталар алдында депутаттар күн тәртібіне енгізілген шешім жобасын қарау үшін мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысына қатысты.

Сессияның негізгі мәселесі – 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №18/3-VIII «Марқакөл ауданының 2025–2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» аудандық мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу болды.

Аталған мәселе бойынша ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Б.М. Байбекова баяндама жасады. Өз сөзінде ол бюджетке түзету енгізудің ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды көрсеткіштерін нақтылаумен және қаражатты басым бағыттарға қайта бөлудің қажеттілігімен байланысты екенін атап өтті.

Қабылданған шаралар бюджеттік қаражатты тиімді пайдалану, олардың нысаналы жұмсалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ аудан тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсарту және республика мен облыс деңгейінде қойылған міндеттерді орындауға бағытталған.

Сессия Марқакөл аудандық мәслихатының YouTube-арнасында тікелей эфирде көрсетілді, оның жазбасы сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.youtube.com/watch?v=ayGP2S6O12M&t=480s