ХАБАРЛАМА

ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына, 19-бабының 6-тармағына және Марқакөл ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 6 қазандағы №29 қаулысына сәйкес, Марқакөл ауданының мәслихаты Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы құрамынан шыққан екі мүшеcінің орнына комиссия құрамын толықтыру жөніндегі жұмысты бастайтынын хабарлайды.

Әрбір саяси партия тиісті аумақтық сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына өз партиясының мүшесі болып табылмайтын тұлғаны да ұсына алады.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихат өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлау комиссиясын құрады.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және жоғары тұрған аумақтық сайлау комиссиялары 2025 жылғы 7 қазаннан бастап 22 қазанға дейін мәслихатқа төмендегі құжаттарды ұсынуы қажет:

  1. Белгіленген нысан бойынша (электрондық және қағаз форматта) сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер;

  2. Тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидат ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), не жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;

  3. Саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

  4. Кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші.

Аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тұруға тиіс.
Кандидат Конституциялық заңның талаптарына сай болуы қажет.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарда қол қойылуы, мөр басылуы, орындалған күні және орындаушының тегі, аты-жөні мен байланыс телефоны көрсетілуі тиіс.

Ұсыныстарды қабылдау мерзімі — 2025 жылғы 22 қазанына дейін, дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 8:00-ден 17:30-ға дейін, түскі үзіліс 12:00-ден 13:30-ға дейін.

Марқакөл ауданы мәслихатының төрағасы:
М. Калелов

Мәслихаттың орналасқан жері:
Марқакөл ауылы, А. Крахмаль көшесі, 67

Жауапты тұлға:
А. Касентаева
Әкімшілік ғимарат, 2-қабат
Электрондық пошта: maslihat_markakol@mail.ru

Өтініш нысаны